Сен мені түсінбедің [Sen Meni Tüsinbediñ] [Uzbek translation]

Songs   2024-11-26 03:35:50

Сен мені түсінбедің [Sen Meni Tüsinbediñ] [Uzbek translation]

Сен мені түсінбедің, түсінбедің…

Көзімде жасым қалды, ішінде мұң.

Қолыма қонбай кеткен арман құсым,

Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің?

Сен менің тыңдамадың жырларымды,

Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.

Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп

Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.

Сен мені түсінбедің…

Сен мені түсінбедің, түсінбедің…

Жанымды жараладың үнсіз менің.

Түнерсе егер аспан жасын төгіп –

Ол менің сені ойлап күрсінгенім.

Сен менің тыңдамадың жырларымды,

Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.

Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп

Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.

Сен мені түсінбедің…

Сол бір түнгі сағымды жарық айды,

Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды?

Серігіміз – үзлген ақ қайыңның

Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.

See more
Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved