Араб түндері [Arabian Nights] [Arab tünderi] [Transliteration]
Араб түндері [Arabian Nights] [Arab tünderi] [Transliteration]
Ол жақта керемет,
Онда бәрі бөлек,
Келер керуен алыстан.
Тоғысар 1000 жолдар,
Құпия сырлар бар,
Құстай боласың сен ұшқан.
Шығыстан соғып жел,
Батыстан таң келер,
Ол жақтың бәрі де сондай.
Қорықпай, жасқанбай,
Ұшып барсаң самғай,
Қуантады Араб түндері-ай
Тынымсыз тіршілік,
Абыр-сабыр базар
Жұпарлы шөптер аңқыған.
Көп жүрсең, көп қарай,
Саудаласаң сұрай,
Шәлінің де түр-түрі бар.
Әсем әуен тербей,
Қалмайсың билемей,
Шатыққа жаның бөленеді-ай.
Нұрланып бар қалам,
Қуанып таң қалам
О ғажайып Араб түндері-ай!
Араб түндері-ай
Жайнаған күндерден
Аптап ыстықта, рахаттанар шақ
Жан тербейтіндей
Араб түндері-ай
Таңғажайып қа тең
Айнала көркем, ғажабын көрсең
Тамсанасың сен
Биікке жетсең де
Күліп те кетсең де
Таңдауың сенің жүрегің де
Бағың да, сорың да
Бәрі де қолыңда
Сенің өз тағдырың өзің де
Мұнда кірер батыл жас
Адалдығын көз шалмас
Қырланбаған сақталмас
Араб түндері-ай
Арманға жетелеп
Ұшасың самғай, қанатың талмай
Батыл қырандай
Араб түндері-ай
Сырларды білдірмей
От боп жанбасаң, абай болмасаң
Құшасың ажал
- Artist:Aladdin (OST) [2019]