Tıñdаşı jаnım [Тыңдашы жаным] [Transliteration]

Songs   2024-12-27 01:45:37

Tıñdаşı jаnım [Тыңдашы жаным] [Transliteration]

Нөсерленген көктемде сені аңсадым,

Тамылжыған жазда да сен деп ән салдым.

Жүрегіңнің сен есігін ашпадың-ау,

Аяулым, қалауым менің.

Күзгі бақта сені аңсаумен селдіреймін,

"Жоқ" деген сөзіне сенбеймін жаным.

Сені ойлап күнде, сені ойлап түнде,

Зарықтым мүлде!

Тыңдашы жаным!

Сен деп салған әнім,

Махаббатымның жаршысы, сезім хатшысы,

Тындашы жаным!

Сен деп салған әнім,

Сағынған көздің тамшысы, көлдің қалғышы

Айдынында!

Бір сауалдың жауабын таба алмадым,

Бір өзіңнен өзге жанды қаламадым.

Сынарыңа сен мені баламадың,

Аяулы арманым менің.

Аязда қалған құстай боп қалтырайын,

Елестеусіз бір таң атырмай жаным,

Ойлаймын қыста, ойлаймын жазда,

Көргенім аз ба?

Тыңдашы жаным!

Сен деп салған әнім,

Махаббатымның жаршысы, сезім хатшысы,

Тыңдашы жаным!

Сен деп салған әнім,

Сағынған көздің тамшысы, көлдің қалғышы

Айдынында! (2х)

See more
Beybit Korgan more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Disco
  • Official site:
  • Wiki:
Beybit Korgan Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved