Şoq qızdаr [Шоқ қыздар] [Turkish translation]
Şoq qızdаr [Шоқ қыздар] [Turkish translation]
Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
Сұлуларды көргенімде, жаным тағат таппай қалып,
На-на-ней. Жүректің әсем әніндей.
Еліккен бірден мені, гүл майысып жүргендері,
Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері,
На-на-ней. Ал, бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып, жанады-ей.
Байланам көздеріне оның, жарқылдаған жаздың жанын-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзінен оның, жадыратқан жастық шағындай,
Ақжайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.
Сырларын білгізбеген, біз құлпырған гүлміз деген,
Жігіттерге арман болып, қол жеткізбей жүрміз деген,
На-на-ней. Жарасқан жанның сәніндей.
Көңілдің ырғақты әні, қандай тәтті тіл қатқаны,
Тылсым сыры бұл өмірдің, шешілмеген жұмбақтары,
На на ней. Ал, бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып, жанады-ей.
Байланам көздеріне оның, жарқылдаған жаздың жанын-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзінен оның, жадыратқан жастық шағындай,
Ақжайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.
Ал бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып, жанады-ей.
Байланам көздеріне оның, жарқылдаған жаздың жанын-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзінен оның, жадыратқан жастық шағындай,
Ақжайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.
- Artist:Beybit Korgan