Tolğаu [Толғау] [Russian translation]
Tolğаu [Толғау] [Russian translation]
Арманда арман, арман жұрт,
Алланың нұры тамған жұрт.
Сабира сағым көшкен жұрт,
Қырықтың бірі қонған жұрт.
Отырар болып қорғанып,
Түркістан болып қомданып,
Алтындай қымбат аймаққа,
Алтын Орда боп орнадық.
Ұлы жүз болып қауғалып,
Ұлы бір өрттей қауладық,
Орта жүз болып қалам ап,
Ел намысын дауладық,
Кіші жүз болып күрестік,
Табансызбен тірестік.
Киелі байрақ қададық,
Ел бірлігін сомдадық.
Көк түрік болып жұмылып,
Көкбөрі болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
[Көк ту] 1 болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылыш жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.
Қабанбай болып ақырып,
"Абылайлап" аруақ шақырып,
Бөгенбай болып шүйліктік,
Жанардан жалын атылып,
Райымбек болып айбат қып,
Қарасай болып қайрат қып,
Махамбеттей жырменен,
Сенімін жаудың жайраттық.
Таптатып жерге ізгәрді,
Жүрегіміз сызданды,
Жалындап жаққан қазақпыз,
Желтоқсандағы ызғарды.
Бүгінгі жайды тыңдасаң,
Бақытың елім, зор қандай,
Ғұмырың мәңгі жалғасар,
Жолыңды Алла оңғарғай.
Көп түрік болып жұмылып,
Көкбөрі болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Көк ту болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылыш жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.
Қара дала, саф арман,
Жұмбағы мол қашаннан,
Жазығы менен қыры бар,
Жарғысы менен шыны бар,
Жауынгердей жасанған.
Сары дала, саф арман,
Ұлының бәрі оғылан,
Қызының бәрі қаһарман.
Көп түрік болып жұмылып,
Көкбөрі болып ұлыдық,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Көк ту болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылыш жүзіндей,
Жарқырай беру ұлылық.
Жарқырай беріп ұлылық.
1. Different options: "Көкті, Түкті etc. hopefully you help me to find the correct version
- Artist:Rin'Go