Сөз соңы [Söz Soñı] lyrics
Сөз соңы [Söz Soñı] lyrics
Сынаққа толы сезімнің жолы
Түсінбейсің сен неге?
Ұқпасаң оны сөзімнің соңы
Неге бәрі бұлай деймін?
Өкінішке орай, жарқыным, солай
Өткен күннің ұмыт бәрін
"Махаббат оңай" ойлама олай
Төзім керек оған, жаным
Мақсаттар алда, алдамас арман
Солай болар кезінде
Көрінген жаннан қызғанып, қарғам
Көңіліңді бұза бердің
Көңілің ала, шаттыққа сараң
Мұңаясың қоңыр күздей
Сенбесе маған сүйетін адам
Үзу керек үміт гүлдей
Кете бер, жаным, кете бер, жаным,
кете бер өзгеге
Жанымды ұғар жанды табамын,
сен кетсең де
Махаббат – майдан,
Сен бірақ айнам
Онан да өтерсің
Көңілде қайран
Бақытты қайдан табамын деп іздеп жүрсің?
Жүректің мұңын
Өшіріп қымбат
Бақыт толы өмір кешер?
Қаласаң, гүлім, кете бер, күнім,
Мендей жанды табамын десең.
Кете бер, жаным, кете бер, жаным,
кете бер өзгеге
Жанымды ұғар жанды табамын,
сен кетсең де
- Artist:Dimash Kudaibergen