Алғашқы рет өмірімде [For the First Time in Forever] [Alğaşqı ret ömirimde] [Turkish translation]
Алғашқы рет өмірімде [For the First Time in Forever] [Alğaşqı ret ömirimde] [Turkish translation]
Анна: Тәж кию рәсімі? Тәж кию рәсімі!
Ашылды қақпа-терезе,
Соңғы рет қашан? Жоқ есте
Заман табақтардылар қонаққа!
Тұрушы еді сарай қаңырап,
Жарқырап енді шам-шырақ!
Ашыңдар қақпаны айқара!
Келет бізге тірі адам,
Толқимын таппай тағат
Жеткенде армансыз көкке төбе!
Алғашқы рет бүгін міне
Қалықтар ән көгімде
Алғашқы рет осы кеште
Билеймін ән көгімде
Тұр екен күтіп не бүгін алда?
Бал-қуаныш не сорпа
Әйтеуір бүгін жоқ маған
Құлазу жалғыз
Қашан келер екен бұл жұрт? Ол да келсе қайтем?
Көйлегім әсем төгіліп,
Көркімді тұрса асырып
Жарқарар сәтім берет түгел!
Көзіме оттай басылар,
Бейтаныс бейне-мүсіндер
Қалмасам шіркін, мен сөз таппай…
Жарысып сөз бен ойымыз,
Жұбымыз жазылмаса,
Қорқады жүрегім сондада!
Алғашқы рет осы кеште
Ойнап күлем, ән салам
Алғашқы рет бәлкім бүгін
Түсермін жұрт көзіне
Ұқсар мұным ессіздікке
Бірақ бақыт - бұл арман
Алғашқы рет өмірімде
Қол бұлға да, алға
Эльза: Жан сырыңды жасыр көптен
Ақылды қыз боламын десең
Айтпа, қайтпа, сездірмей еш
Мүлт кетсең сәл, жұрт шығар жауығып
Неткен күн өткізіп
Анна: Бұл кімге белгісіз?
Эльза: Болса екен тезірек
Анна: Келсе екен тезірек
Эльза: Келсе келсін, қақпамыз ашық!
Анна: Ашық!
Алғашқы рет осы кеште
Эльза: Жан сырыңды жасыр көптен
Анна: Сарқаям арманыма
Эльза: Ақылды қыз болам десең
Анна: Жалғыздық қол арбада
Эльза: Жасыр…
Анна: Табыстыр сұлу жанға
Эльза: Айтпа, қайтпа, сездірме еш
Анна: Егер айтпа деген жұрт,
Түсінбейді, бұл бұрын!
Қапы қалма осынау кеште, қапы қалма осы кеште
Сенем жүрекке!
- Artist:Frozen (OST)