My Heart Will Go On [Kazakh translation]
My Heart Will Go On [Kazakh translation]
Әр түні түстерімде,
Сені көремін, сені сеземін.
Мені сүйе беретініңді осылайша білемін.
Арамыздағы қашықтық пен кеңістікті еңсеріп,
Мені сүйе беретініңді көрсетуге келдің.
Жақын ба әлде қашық па, қайда болсаң да,
Жүрек соғуын жалғастыра беретініне сенемін.
Тағы бір мәрте есік ашарсың,
Сен менің мына жүрегімдесің.
Жүрегім соғуын жалғастыра береді, береді.
Махаббат бізге бір рет келеді,
Біздің біреуіміз кетпейінше,
Өмір бойына созылады.
Махаббат сені сүйгенде болды,
Сол бір сені құшқан шынайы кез,
Өмірімде әрқашан жалғаса береді.
Жақын ба әлде қашық ба, қайда болсаң да,
Жүрек соғуын жалғастыра беретініне сенемін.
Тағы бір мәрте есік ашарсың,
Сен менің мына жүрегімдесің.
Жүрегім соғуын жалғастыра береді, береді.
Сен осындасың, мен ештеңеден қорықпаймын,
Жүрек соғуын жалғастыра беретінін білемін.
Біз мәңгілікке осы жолда қаламыз,
Сен менің жүрегімде сақталасың,
Жүрегім соғуын жалғастыра береді, береді.
- Artist:Céline Dion
- Album:Let's Talk About Love (1997)