Келем деші [Kelem Deşi] lyrics
Келем деші [Kelem Deşi] lyrics
Ай боп іздеп күнді,
Таң боп іздеп түнді,
Сағынамын әлдекімді…
Армандаймын аңсап,
Жүрегіммен ән сап,
Жүрсің неге менен алшақ?
Келем деші, күнім,
Келем деші, бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…
Жан сырымды тылсым,
Тек жұлдыздар білсін,
Айтшы жаным, қайда жүрсің?
Тәтті мұңға батып,
Сені күтіп бақыт,
Өтсін, мейлі, қанша уақыт.
Келем деші, күнім,
Келем деші, бүгін.
Шын бақыттың гүлін бер маған.
Келем деші, еркем,
Күндей күліп көркем.
Тым болмаса ертең кел маған
Үміт отын жалғай,
Құс боп қанат талмай, келем деші…
- Artist:Aqbota Kerimbekova
See more