Keşіr Μenі [Кешір мені] [Transliteration]
Keşіr Μenі [Кешір мені] [Transliteration]
Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса
Алдыңда тұра берем, не керек бәрін жаса.
[Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға,
Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.
Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға,
Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.] (2х)
Өр кеуде жанды биік көндіріп мазағыңа,
Жатайын мәңгі күйіп сен тартқан азабыңда.
Дүние кең шағында не кірді арамызға?!
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?!
Дүние кең шағында не кірді арамызға?!
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?!
Бұрқанса байыпты күн, дауылын шегерер ме?
Алдыңда айыптымын, жаным-ау сөге берме.
Жарқ етсе сөнген ізгі ой жойылар өкпе-нала,
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Қайда сол көктем кеші, балқитын күшімен бой?
Өтінем кектенбеші өкпеңді түсінем ғой...
- Artist:Erkin Nurjan
See more