Eh, qаrındаs [Ех, қарындас] [Transliteration]

Songs   2024-05-03 21:10:00

Eh, qаrındаs [Ех, қарындас] [Transliteration]

Ех, қарындас айдай жүзді жамалың,

Лағыл, моншақ, мөлдірейді жанарың.

Хат жазасың сырға толы сезіммен,

Жұмбақ жансың, нәзік үнді маралым.

Күндіз-түні қоңырауды шаласың,

Үндемейсің, бос әуреге саласың.

Сағынышқа кірпігіңді малып ап,

Айтшы менен қандай бақыт табасың?!

Ех, қарындас ерке мінез балдай,

Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай.

Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,

Жүрегіңді телефонға жалғай.

Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,

Жүрегіңді телефонға жалғай.

Арамызда сымсыз бейне қамалы,

Жанымызды бір үміт от жанады

Телефоның іңкәрлікке толып тұр,

Көгершіндей хаттар толы қанаты.

Хабарласып баяғыдай жүргендей,

Хабарласып, шаршап түн-күн демей.

Маған ғашық болса егер шынымен,

Телефонда тұрма енді үндемей

Ех, қарындас ерке мінез балдай,

Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай.

Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,

Жүрегіңді телефонға жалғай.

Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,

Жүрегіңді телефонға жалғай... (3х)

See more
Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved