Ұмытылмас Күн [Umıtılmas Kün] lyrics

  2024-09-23 03:20:24

Ұмытылмас Күн [Umıtılmas Kün] lyrics

Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе

Еркелеген балдай тәтті сөзіңе

Қылығыңмен баурап алдың жанымды

Қарай бердім нұрға толы жүзіңе

Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн

Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн

Аңсап күткен арманым сен,

Алаулаған таңдарым сен.

Алақандай аялайтын

Аңсарым да ардағым сен.

Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін,

Сөндіре алмас сезімімнің жалынын.

Бақыттыммын бұл әлемде сені егер,

Тағдырыма тарту етсе тәңірім.

Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн

Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн

Аңсап күткен арманым сен

Алаулаған таңдарым сен

Алақандай аялайтын

Аңсарым да ардағым сен.

Сені жаным қимаймын, қимаймын,

Сені қалай өзгеге сыйлаймын мен?

Аңсап күткен арманым сен

Алаулаған таңдарым сен

Алақандай аялайтын

Аңсарым да ардағым сен.

See more
Dimash Kudaibergen more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, English, Chinese, Russian+7 more, Italian, Ukrainian, French, Turkish, Neapolitan, Mongolian, Japanese
  • Genre:Classical, Folk, Opera, Pop
  • Official site:https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash
  • Wiki:https://en.wikipedia.org/wiki/Dimash_Kudaibergen
Dimash Kudaibergen Lyrics more
Dimash Kudaibergen Featuring Lyrics more
Dimash Kudaibergen Also Performed Pyrics more
Excellent recommendation
Popular
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved