Сағыныш Сазы [Sağınış Sazı] lyrics
Сағыныш Сазы [Sağınış Sazı] lyrics
Табиғат тұр тамылжыған таң алдында
Тағы да жадыма сен оралдың ба?
Қиял шіркін тек өзіңе асығады
Сан тарау жол тұрса дағы алдымда.
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.
Өмірімнің тұп-тұнық бұлағысың
Сездірмей өтті талай жыл ағысын
Кете бардың алысқа арман қуып
Қимастықтан жүрегім жылады шын.
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.
Не жетеді бақытты сол бес күнге
Бұл сезімді бастан сен де кештің бе?
Біздегі алаулаған от-жалынды
Өшіре алмас сірә, енді ешкім де.
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.
- Artist:Serjanali Alibek
See more