Қыдырып қайтайық [Qıdırıp Qaitaiaq] lyrics
Қыдырып қайтайық [Qıdırıp Qaitaiaq] lyrics
Қай қала?
Анкара ма? Анталия ма?
Айға ма?
Ауа жұтып қайтайық жай ғана.
Жо-жоқ, Алматы мен Астана?
Бурабай ма? Сарыағашқа ма?
Жүрсең болды жанымда,
Сайрайын бағыңда.
Қыдырсаң, қасыңнан тастама.
Алдыменен бақытқа лайық,
Өзімізге де уақыт табайық.
Қырдағы Қызылорда ғажайып.
Өмірімізді гүлмен орайық,
Ол үшін біздер бірге болайық.
Қыдырып Маңғыстауға барайық.
Кеше де,
Бүгінгі күн ұқсамасын кешеге.
Серуендеп қайтайық көшеде.
Жо-жоқ, мынау дархан даланың,
Неше сұлу көркем қаланың
Кереметін байқайық.
Мақтанып айтайық,
Балқашын, Каспиін, Аралын.
Көңілсіз көрінбей,
Біз бір-бірімізден көп бөлінбей
Бір қыдырсақ
Қамшының сабындай өмірде.
Көз жасым төгілмей,
Біз қол ұстасып қырдан ассақ,
Сен ғана, сен ғана, сен, сен!
- Artist:Toregali Torali
See more