Достығымыз жарасқан [Dostyghymyz zharasqan] lyrics

Songs   2024-07-04 11:49:18

Достығымыз жарасқан [Dostyghymyz zharasqan] lyrics

Досың барда жау бармайды,

Ат үстінен аудармайды.

Алынбайтын қамал болсаң,

Бағынбайтын тау болмайды.

Шешілмеген дау қалмайды,

Дауласқандар дауғармайды.

Көп ішінде адал досың,

Сен үшін де армандайды.

Қайырмасы:

Қабырғам алаштан, керегем ағаштан,

Өсірген қара жер, көтерген көк аспан.

Жалынды жастармыз,

Достығы жарасқан, достығы жарасқан.

Жалған өмір, жалған бейне,

Жарқылымен жанды арбайды.

Адал досың алдамайды,

Алдайтын дос алданбайды.

Бірлігі жоқ ел болмайды,

Тірлігі жоқ ер болмайды.

Ескі досын елемеген,

Бақытын да аңғармайды.

Қайырмасы:

Қабырғам алаштан, керегем ағаштан,

Өсірген қара жер, көтерген көк аспан.

Жалынды жастармыз,

Достығы жарасқан, достығы жарасқан.

See more
Toregali Torali more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop
  • Official site:
  • Wiki:
Toregali Torali Lyrics more
Toregali Torali Featuring Lyrics more
Toregali Torali Also Performed Pyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved