Менімен биле [Menimen bıle] [Transliteration]

Songs   2025-12-07 09:53:41

Менімен биле [Menimen bıle] [Transliteration]

Ұнатамын,

Өзгелерден сені қызғанамын бағым.

Бар болғаныңа мен қуанамын.

Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ,

Сағындым.

Сені сүйдім,

Ғашық еттің мені қатты - қатты сүйдім.

Күндіз түні сені іздеймін.

Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ,

Сағындым.

Өмірдің мәні - мәні,

Тағдырдың бағы - бағы.

Жаным-ау бір өзің,

Айтамын тағы - тағы.

Өмірдің мәні - мәні,

Тағдырдың бағы - бағы.

Жаным-ау бір өзің...

Жүрегім лүпілдеп соғады сен деп,

Дүрсілдейді сен деп.

Сені ғана іздеп,

Іздеп сені ол шөлдейді.

Бөленейік бірге, қуанышты күйге.

Қысылмашы, сен келші,

Меніменен биле - биле...

Менімен биле, менімен биле,

Менімен биле, менімен биле.

Сені мендей,

Көздеріңнен шын бақытты көремін мен.

Сенемін мен балғын сезімге,

Бөлеймін сені, теңеймін сені бағыма...

Сені іздеймін,

Тулағанда толқын - толқын теңіздеймін.

Тек үзбеймін күдерімді мен.

Келерсің бағым,

Сезесің бәрін жүрекпен.

Өмірдің мәні - мәні,

Тағдырдың бағы - бағы.

Жаным-ау бір өзің,

Айтамын тағы - тағы.

Өмірдің мәні - мәні,

Тағдырдың бағы - бағы.

Жаным-ау бір өзің...

Жүрегім лүпілдеп соғады сен деп,

Дүрсілдейді сен деп.

Сені ғана іздеп,

Іздеп сені ол шөлдейді.

Бөленейік бірге, қуанышты күйге.

Қысылмашы, сен келші,

Меніменен биле - биле.

Менімен биле, менімен биле,

Менімен биле, менімен биле.

See more
Aidana Medenova more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop, R&B/Soul
  • Official site:
  • Wiki:
Aidana Medenova Lyrics more
Aidana Medenova Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2025 - www.lyricf.com All Rights Reserved