Жаным [Janym] [Transliteration]

Songs   2024-11-25 04:37:10

Жаным [Janym] [Transliteration]

Арманым сен едің аңсатқан,

қол бұлғап сол шақтан,

үзіліп көзден моншақ та,

жаным, іздеймін мен...

Арманым сен едің сенгенім,

"жаныма кел дедім",

келмедің сен неге, жаным,

арман-әнім?

Сағындырған ақ арман, арман,

жаның нұрдан жаралған,

лағыл жырдан нәр алған

Махаббатым...

Жаным, сені іздеймін, үзбеймін үміт,

өзіңмен бірге өткен күндерім,

жұлдызы жайнаған түндерім,

бақыты, жақұты жанымның...

сағындым...

Арманым сен едің еңселі,

сағындым мен сені,

жанымның болған бөлшегі,

жаным, қайдасың сен?

алаулаған жалынсың, жаным,

саялаған бағымсың,

аялаған әнімсің,

Махаббатым...

Жаным, сені іздеймін, үзбеймін үміт,

өзіңмен бірге өткен күндерім,

жұлдызы жайнаған түндерім,

бақыты, жақұты жанымның...

ууууеееее...

шықсаңшы алдымнан күліп, жаным,

сенсің аңсарым, аңсарым...

.....

өзіңмен бірге өткен күндерім,

жұлдызы жайнаған түндерім,

бақыты, жақұты жанымның...

сағындым...

See more
Moldir Awelbekova more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:
  • Official site:
  • Wiki:
Moldir Awelbekova Lyrics more
Moldir Awelbekova Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved