Бір қадам [Bir qadam] [Turkish translation]
Бір қадам [Bir qadam] [Turkish translation]
Тағы бір қадам сүрініп қалдың артта
Қайта тұрып күлімсіреп қайта талпындын.
Ойың таза жүрегін пəк көпті көруге
Білсең егер бірақ барлық шындығын.
Қайтадан мен ,жаңа дем
табамын ол маған ем
күнің түссе қиын, есті жиып
Сынбай оны жең
Жараласа басты ой
ол қоқыстың бәрін жой
Көңілсіз ойыңды тиып тез
Толқынды сабырмен қиып кес.
Өмір ойнап əрдайым сынап
Арманыңды бұзып жоспарыңды сызып
Бəрі өтті айтар сөз бітті
Шындыққа көз жетті.
Тар кеудең, қысылды,
естілді, қиналған жан айқайы(x2)
Уақыт жылдам зымырайды ешкімді күтпей
Есейдік біз,елемедік ,қиын жолдарды.
Біз таңдаған ауыр жолдың соңы не болар
Сонда да ойланбай жүре береміз.
Біздің өмірде, жеңіс төзіммен
Келуде білем, бәрібір жеңілме
Меніменен бүгін әлемді өзгерт,
Жана берсін от әрқашан көзде,
Қарамай олар күлседе
Мен жолымда тоқтамай күресем
Биікке қарай толқынмен бірге
Менімен қәне қолдарды көтер.
Өмір ойнап əрдайым сынап
Арманыңды бұзып жоспарыңды сызып
Бəрі өтті айтар сөз бітті
Шындыққа көз жетті.
Тар кеудең, қысылды,
естілді, қиналған жан айқайы.(x2)
- Artist:Mad Men