Жаяу [Jayaw] [English translation]

Songs   2024-11-22 07:56:39

Жаяу [Jayaw] [English translation]

Жаяу жүре білсең,

Өмір сүре білсең,

Қадамды алшақ басып, ойың самғасын.

Көлікке мінбеймін,

Пойызбен жүрмеймін.

Ұшақта ұшпасам да аяқ талмасын.

Жаяу, алыс емес тауың да,

Баяу мен жетемін ауылға.

Қалада-да-да келемін жаяу тағы да,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрс, дүрсілдеп қағуда.

Бағына-на-на дауыл мен суық жауынға,

Тамаша табиғат жаяу жүр, жалында!

Бақытқа мас күйде,

Мінбеймін таксиге,

Пайдалы денсаулыққа, жаяу кетемін.

Көшенің жетегін, ойланып өтемін,

Асықпай арманымды қуып жетемін.

Жаяу, алыс емес тауың да,

Баяу мен жетемін ауылға.

Қалада-да-да келемін жаяу тағы да,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрс, дүрсілдеп қағуда.

Бағына-на-на дауыл мен суық жауынға,

Тамаша табиғат жаяу жүр, жалында!

Жаяу жүресің бе?

Ойнап, күлесің бе?

Аяғың сүрінбесін,

Ашық жолыңда.

Сабылып кетесің,

Жаяу-ақ жетесің!

Жүздерің күлімдесін, бәрі қолыңда!

Қалада-да-да келемін жаяу тағы да,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрс, дүрсілдеп қағуда.

Бағына-на-на дауыл мен суық жауынға,

Тамаша табиғат жаяу жүр, жалында!

See more
Serik Ibragimov more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop
  • Official site:
  • Wiki:
Serik Ibragimov Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved