Аuılım-änіm [Ауылым-әнім] lyrics
Аuılım-änіm [Ауылым-әнім] lyrics
Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Аз ғой саған мың алғысым!
Ғашық едім қыр гүліңе,
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткізген бір күніме,
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,
Жанға ләззат әперетін.
Сүйем айна көлдеріңді,
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,
Таң сәулесі тарайтұғын.
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,
Жүрегімді нұр шалады.
- Artist:Kazakh Folk
See more