Сүйгім келеді [Suigim Keledi] [English translation]
Сүйгім келеді [Suigim Keledi] [English translation]
Алғаш көргенімде ойламаппын,
бұлай ғашық боламын деп.
Алғаш көргенімде ойламаппын,
маған қараңғы түнекте жарық беретін сен деп.
Ай астында, ғажайып ертегіде
тек екеуміз жүргендейміз.
Сен әрдайым қасымда болсаң егер,
біз бақытқа жетеміз.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді тағы да,
тағы да, сені ғана.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді тағы да,
тағы да, сені ғана.
Алғаш көргенімде ойламаппын,
бұлай ынтық боламын деп.
Алғаш көргенімде ойламаппын,
екеумізді тағдыр мәңгілікке қосқан деп.
Ай астында, ғажайып ертегіде
тек екеуміз жүргендейміз.
Сен әрдайым қасымда болсаң егер,
біз бақытқа жетеміз.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді тағы да,
тағы да, сені ғана.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді тағы да,
тағы да, сені ғана.
Міне көзіміз кезікті.
Ғашықтық сезімім енді жетті ме?
Қолыңнан қысып ұстағаным.
Менің күткенім сенсің ғой, бақытым.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді тағы да,
тағы да, сені ғана.
Сүйгім келеді тағы да,
кетпе жанымнан жалынам.
Сүйгім келеді…
Мүмкін…
келесі өмірде…
сен мендік боларсын.
- Artist:Kyle Ruh