Sŭrаnаmın [Сұранамын] [Transliteration]

Songs   2024-05-02 05:15:50

Sŭrаnаmın [Сұранамын] [Transliteration]

Өзгеріп дүние бір сеніменен,

Өзімнен-өзім қызғанып келем.

Сүйемін шексіз, сұрана берем,

Бұл уақыт өзгерілсе де.

Өрт болып күйіп, жалындап денем,

Өшірме, жаным, сұранам сенен.

Өзгеше саған сезімім, терең,

Мәңгілікке жаным сен.

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым,

Өмірімнен артық көремін сені, ардағым!

Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын,

Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым,

Қайталап айтам...

Сұранамын, жаратқанымнан,

Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.

Қайталап айтам, сұранамын мен,

Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.

Сұранамын...

Сүйгенімді сақта...

Жадырап жаным бір сеніменен,

Өткен күндерім кетпейді есімнен.

Сезімнің отын сен келіп жаққан,

Жаным-ау, қалай өшірем?!

От болып жанды сезімім сөнген,

Өшірме, жаным, сұранам сенен.

Өтеді жылдар, соғады жүрек,

Мәңгілікке жаным сен.

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым,

Өмірімнен артық көремін сені, ардағым!

Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын,

Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым,

Қайталап айтам.

Сұранамын, жаратқанымнан,

Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.

Қайталап айтам, сұранамын мен,

Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.

Сұранамын...

Сүйгенімді сақта.

See more
Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved