Көркемім [Körkemim] lyrics
Көркемім [Körkemim] lyrics
Гүл көктем шақта мына
Сезім сыр ақтарыла
Ғашықтың жырын өремін
Өзіңді сағынғасын
Күлім көз қарындасым
Алыстан іздеп келемін
Жанарыма нұр тұнып
Бар дүние құлпырып
Әлемге ғажап енемін
Риясыз ізгі арманым
Даланың қызғалдағын
Бір саған арнап теремін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
Көз ілмей таң атырған
Арманның қанатында
Көңілге әсем күй тынды
Шырайлы нұр сәтте мен
Асығып,аңсап келем
Әдемі сыңғыр күлкіңді
Гүл болып жаңа ашылған
Мөп-мөлдір кең асыл жан
Сен мендік мәңгі сенемін
Сағыныш сазыменен
Жүрекке жазып өлең
Құс болып ұшып келемін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ерке үнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін
- Artist:Dimash Kudaibergen
- Album:Еркелетейін