Жаса, туған жер [Jasa, tuwğan jer] [Transliteration]

  2024-07-01 14:07:46

Жаса, туған жер [Jasa, tuwğan jer] [Transliteration]

Туған жерім жайнаған гүл бақ

Алыс кетсем, құшағын ашатын

Еркелеткен анамдай қымбат

Бауырына аялап басатын

Сарыарқа төрім – сағынышымдай

Жасарған өлкем, жаңарған далам

Жетісу жерім, бақ ырысымдай

Жазира далам, ән дарыған

Сүйемін байтақ,

Даламды сағымдай

Көрмесем аңсап,

Сағындым-ай

Жамалың қандай

Қыздарың ақ маңдай

Туған елім-ай

Жаса туған жерім

Жаса туған елім

Жерұйығым менің

Атамекенім!

Сенсің ақ жүрегім

Сенсің бар тілегім

Қасиетім менің

Қазақ елім-ай

Тауларыңды жазылып жатқан

Бауларыңды көремін бағымдай

Өзеніңді мөлдіреп аққан

Өз елімді сүйемін жанымдай

Шығысым шуақ, шырайын төккен

Батысым байтақ, мұнайлы өлкем

Солтүстік ғажап, даласы көркем

Оңтүстік қандай, ақ таңымдай

Жаса туған жерім

Жаса туған елім

Жерұйығым менің

Атамекенім!

Сенсің ақ жүрегім

Сенсің бар тілегім

Қасиетім менің

Қазақ елім-ай

See more
Lashyn more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop
  • Official site:
  • Wiki:
Lashyn Lyrics more
Lashyn Featuring Lyrics more
Lashyn Also Performed Pyrics more
Excellent recommendation
Popular
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved