happier [Kazakh translation]
happier [Kazakh translation]
Біз бір ай бұрын айрылыстық
Бірақ сенің достарыңмен мен де дос едім
Сенің алға жылжып кеткеніңді мен де, сен де білеміз
Жаңа біреуді тауыпсың
Бойыңдағы жақсылықты ашатын тағы бір қыз
Біздің өткен күндердегі күн сәулесінен
Менің жүрегім алыстап бара жатыр ма деймін
Бірақ ол сондай сүйкімді
Ол сондай әдемі
Сонда оның болғаны сен мені ұмыттың деген сөз бе?
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты бол, бірақ бақыттырақ емес
Сен оған "мен көрген ең керім қызсың" деп айтасың ғой?
Ескірмейтін махаббат жайлы бос сөзіңді, жалған екенін біле тұра, айтасың ғой?
Сол сөздеріңе мен сенгенім есіңде ме?
Алғаш рет айтқаныңда бұл шындық деп ойлап едім
Ол қызды жамандап отырмын
Қанша жамандасам да, сен менің сорлы жүрегімді сағынбассың
Бірақ ол сондай сұлу
Ажары жылы
Оны көргенде жан-тәнің шымырлайтын шығар
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты бол, бірақ бақыттырақ емес
Бақытты болшы
Мен саған барлық игіні тілеймін
Шынымен де
Оны сүй
Бірақ мені сүйгендей емес
Оны құшақтағанда, мені емірене есіңе ал
Бақытты бол
Бірақ бақыттырақ емес
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты бол, бірақ бақыттырақ емес
- Artist:Olivia Rodrigo
- Album:SOUR