Ғашық жүрек [Ğashıq Jürek] lyrics

Songs   2024-10-04 20:14:46

Ғашық жүрек [Ğashıq Jürek] lyrics

Жаның жаздай, жүзің атқан таң еді,

Айдай аппақ, күндей жарық әдемі.

Күлімдеген мөлдір қара көздерің

Сағындырып, жаралады жүректі.

Өзге сендей жан таппадым, аяулым!

Қайда сол бір шын ғашықтар әлемі?

Сені ойлаумен өтеді уақыт.

Өзіңмен, жаным, табамын бақыт.

Жалғыз сен ғана екенсің жақын

Жаныма менің. (x2)

Ғашық жүрек, жалын жүрек, от кеуде.

Менің жаным сары күз бе, көктем бе?

Өзіңді аңсап жүрмін жалғыз мұңайып,

Қайта-қайта қарайлаумен өткенге.

Жүрегіме ұялаған сезімді

Айта алмадым, сүйгенім-ау, өзіңе.

Сені ойлаумен өтеді уақыт.

Өзіңмен, жаным, табамын бақыт.

Жалғыз сен ғана екенсің жақын

Жаныма менің.(x2)

Өзге сендей жан таппадым, аяулым!

Қайда сол бір шын ғашықтар әлемі?

Сені ойлаумен өтеді уақыт.

Өзіңмен, жаным, табамын бақыт.

Жалғыз сен ғана екенсің жақын

Жаныма менің. (x2)

See more
Serjanali Alibek more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:
  • Official site:
  • Wiki:
Serjanali Alibek Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved