Аэропорт [Aeroport] lyrics
Аэропорт [Aeroport] lyrics
Аспанда да, жерде емес,
Өзенде де, көлде емес.
Күту заңы қиын-ау Елес-елес.
Қоштасуға кел бері,
Соңғы рет көр сен мені.
Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді.
[Қайырмасы]
Аэропорт
Кездесу мен қоштасу,
Мүмкін емес достасу,
Шығарып салшы.
Аэропорт
Бәрі бітті, болды деп,
Тым болмаса соңғы рет,
Шығарып салшы,
Шығарып салшы.
Қоштастық деп біз неге?
Айып тақпа күзге де.
Кетем енді сен мені,
Ізде, іздеме.
Уақыт таяп, жиілеп
Жүрек жылап, күйінед.
Қимастықпен қараймын, Қолда билет!
[Қайырмасы]
Аэропорт
Кездесу мен қоштасу,
Мүмкін емес достасу,
Шығарып салшы.
Аэропорт
Бәрі бітті, болды деп,
Тым болмаса соңғы рет,
Шығарып салшы,
Шығарып салшы.
Уақыт болса сәл қалды,
Біз жасадық таңдауды.
Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды.
Ұшақ ұшпай жағдайы,
Жасағандай арнайы.
Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы
Аэропорт
Бізге билет жоқ тағы,
Барлық рейс тоқтады,
Ұшақ қасы
Аэропорт
Сен де тұрсың қуанып,
Мен де тұрмын қуанып,
Құшақташы, Құшақташы
- Artist:Erke Esmahan